Мемлекет басшысы көрнекті археолог-ғалым, академик Карл Байпақовтың өмірден өтуіне байланысты оның туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
«Карл Молдахметұлы көп жылдар бойы Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалашықтардың орнын зерттеп, тарихи маңызы зор әрі құнды ғылыми еңбектер жазды. Сондай-ақ, ол Ұлттық ғылым академиясының Археология институтына басшылық жасап, елімізде археологиялық зерттеулерді ұйымдастыру жолында ауқымды жұмыс атқарды. Ғалымның жемісті еңбегі әр жылдары Ш.Уәлиханов және Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтармен, сондай-ақ өзге де жоғары дәрежелі марапаттармен атап өтілді.
Қазақстандықтар туған елі мен халқының игілігі жолында аянбай қызмет етіп, өзіндік өшпес із қалдырған ғалымның есімі мен сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.
Ақорда.