• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Мәулен Әшімбаев Ақмола облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорынының жұмысымен танысты

17.11.2018
0

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының Целиноград ауданының орталығы Ақмол кентіне арнайы барып, жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы ауыл шаруашылығының еліміздің экономикасында алар орны ерекше. Сол себепті де Елбасы бұл саланы ұдайы басты назарда ұстап, оның жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасап келеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын» арттыру атты Жолдауында да Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруды алдымызға міндет етіп қойды. Соның ішінде еңбек өнімділігін және қайта өнделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді және алдағы үш жыл ішінде аталған саланы дамытуға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Осы мақсаттардың нәтижелі жүзеге асырылуына «Нұр Отан» партиясы да тікелей мүдделі.

Ақмол ауылына арнайы келген Мәулен Әшімбаев «Шаңырақ» басқарушы компаниясына қарасты жұмыртқа қорабын дайындайтын цехтың, құс етін өндіретін зауыттың және шұжық шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл өндіріс ошақтарының барлығы да заман талаптарына сай жаңа, цифрлы технологиялармен жабдықталып, табиғи таза, сапалы өнім шығарып отыр. Кәсіпорынның өнімдері Астана қаласы және Ақмола облысымен бірге Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларына жеткізіледі. Тіпті алыс-жақын шетелдерге де экспорталатынын атап өткен жөн.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, оларды ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады. Сондай-ақ ол Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты басымдықтардың маңызына тоқталып өтті.

«Бүгінде Елбасының бастамасымен ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында да осы салаға цифрлы технологияларды енгізіп, білікті мамандар тартуды және қомақты қаржы бөлуді тапсырды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, экономикамыздың дамуындағы негізгі сала ретінде қалыптасуына мол мүмкіндік береді. Осылайша Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемге тек шикізаттар мен минералды ресурстар экспорттайтын ел ретінде ғана емес, сондай-ақ сапалы, табиғи таза, дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін де шығаратын мемлекет ретінде де танылуын қамтамасыз етуді алдымызға мақсат етіп қойды. Бұл — бізді бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына бастайтын маңызды қадам», — деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары осындай игі істерді жүзеге асыруда партия филиалдары мен бастауыш ұйымдары белсенді жұмыс істейтінін жеткізді.
«Елбасының сенімді тірегі және еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған барлық бастаманы жүзеге асыруға атсалысып, осы саладағы жұмыстарды қоғамдық бақылауға алады. Осылайша нұротандықтар Президентіміздің барлық стратегиялық бағдарламасын орындауға өз үлестерін қосады», — деді Мәулен Әшімбаев.
«Шаңырақ» серіктестігі тауық еті, шұжық және жұмыртқа өндірісі бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы өндіріс ошақтарының бірі. Кәсіпорын басшысы Денис Плужниктің айтуынша, мекеме Астана қаласын құс еті өнімдерімен қамтуда маңызды рөл атқарып отыр. Тіпті елордамыздағы құс етінен тағам дайындайтын әлемге әйгілі асхананың өзі осы «Шаңырақтың» өнімдерін тұтынады екен. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы мекеменің «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланыс орнатқанын да атап өтті.
«Компанияда бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Барлық партиялық іс-шараларға белсене қатысып тұрамыз. Биыл партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынған жаңа жобаларды жүзеге асыруға да өз үлесімізді қостық. Соның нәтижесінде ауылымызда ІТ-сынып ашылып, жергілікті балалардың заманауи мамандықтарды игеруіне мүмкіндік туды», — дейді Денис Плужник.

Сапар соңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев компанияның белсенді қызметкерлеріне партия атынан алғыс білдіріп, арнайы марапаттады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

СӘБИЛЕР САУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Жаңа туған нәрестелердегі инсульт пен неврологиялық ауруларды ерте анықтау қаншалықты маңызды? Ал олардың салдарын азайту үшін қандай заманауи тәсілдер қолданылады?...

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Шымкенттік екі оқушының 4 жылдық еңбегі халықаралық аренаға жол ашты. Олар жүздеген қатысушы бақ сынаған республикалық робототехника олимпиадасында үздіктер қатарынан...

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Сөз барымтасының саңлақтары Шымкентте бас қосты. Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысында еліміздің...

ЕКІ ЕЛДІ ЖАҚЫНДАТҚАН ӘУЕ КӨПІРІ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Екі елді жақындастырған тікелей рейстің ашылуына орай Баку қаласынан алғаш рет...

70 САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде 70 сарбаз әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шараға әскери қызметшілердің ата-аналары, туыстары мен жақындары қатысты. Рәсім барысында...

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.