ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа баламалы энергия көздері жобалары бойынша күзгі аукцион нәтижелерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3-18 қазан күндері БЭК жобаларының күзгі аукционы өтті. Аукцион қорытындысы бойынша Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласының маңында жалпы қуаты 202 МВт болатын сегіз күн электр станциясы іске қосылады. Бұл мақсатта 73 млрд теңге инвестицияланды. Алдағы үш жылда 22 млрд теңгеге Алматы және Жамбыл облыстарында үш су электр станциясы тұрғызылады», — деді Анатолий Шкарупа Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аукциондық сауда-саттық жергілікті және халықаралық қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған. Оған әлемнің 9 елінен — Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Франция, Болгария, Италия, БАӘ, Нидерланд Корольдігінен 113 компания қатысқан.
Аукциондық сауда-саттық нәтижесінде баламалы энергеия көздері бойынша жалпы қуаты 858 МВт болатын 36 жоба іріктеліп алынды. Ондағы 500 МВт — жел электр танцияларына, 270 МВт — күн электр станцияларына, 82 МВт — су электр станцияларына және 5 МВт — биоэлектр станцияларына тиесілі.