Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде – Әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтіледі. Осыған байланысты Шымкент қаласында әлеуметтік қызметкерлерді құттықтау мақсатында іс-шара өтті. Онда аталмыш салада еңбегі сіңген қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметкерлер күні» 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген болатын. Бұл сала — еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан оқиғалар осы әлеуметтік мәселе төңірегінде туындап жатқаны жасырын емес. Бүгін осы салада елеулі қызмет атқарған жұмысшылардың көңілі бүгін тағы да бір серпілді. Өйткені, еңбегі еленгендер аталмыш іс-шарада алғыс хаттармен марапатталды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласының жұмыспен қамту басқармасының құрамындағы мемлекеттік қызметкерлер саны 55 болса, 54 жұмысшы келісім шартпен жұмыс жасайды. Басшылықтың аутйынша, мықты жауапкершілікті талап ететін сала мамандарын құттықтау рәсімі жыл сайын аталып өтеді.
Еңбегі еленген жандар ылғи да өз мамандығына еселеп сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан да, аталмыш шара әлеуметтік қызметкерлерге талпыныс сыйлағаны сөзсіз.
Тоғжан НАРБАЙ.