Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында КСРО спорт шеберлері ағайынды Сайхановтарды еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.
Бахытхан, Түсіпхан, Мұратхан, Болатхан, Шəріпхан Сайхановтар ғұмырын спорт пен шәкірт тəрбиесіне арнаған ағайынды азаматтар болатын. Олар дайындаған спортшылар қашан да ортасынан үздік шығып, республикалық, тіпті əлемдік ареналарда топ жарып жүрді. Еркін күрестің аламанында Сайхановтар дайындаған спортшылар жүлдесіз қайтпаған. Ұстаздың еселі еңбегінің асқар биіктен көрінуі — шәкіртінің шаршы топта үздік шығуы десек, Бахытхан, Шəріпхан, Болатхан, Түсіпхан, Мұратхандардың тəрбиелеген жастары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатыр. Түсіпхан Сайханов ұзақ жылдар Қазақстан Республикасының еркін күрестен бас бапкері болды. Шығыстың ғана емес республикамыздың жұлдызды шынарына айналған ағайынды Түсіпхановтарды еске алуға арналған облыстық турнир жоғары дəрежеде өткізілді. Жүзден жүйрік шыққан біріншілік жеңімпаздарына қаржылай сыйақы тапсырылды.