Ардақты жеңгей, қымбатты Рабиға, Нұрлан, туған — туысқандар! Əулеттерiңiздiң асқар таудай қамқоршы панасы, елдiң ақылгɵй ағасы , бiздiң ұлағатты ұстазымыз Əбдiмұса ақсақалдың бұл фəниден бақилыққа, мəңгi сапарына аттануына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, кɵңiлiмдi бiлдiремiн.
Қай сынақты болмасын сабырлықпен қарсы алып, тəубесiн ұмытпайтын мұсылман баласы ретiнде бiз бүгiн асыл ағаның жарқын бейнесi мен ɵнегелi iстерiн еске аламыз.
Əбекең осы ғұмырында талай сауапты iстердi атқарды. Мұсылманға қажеттi кɵркем мiнезi, қазақ баласына тəн дархандығы мен қамқоршылығы, ұстаз бен ғалымға тəн iзденiмпаздығы Əбекеңнiң ерекше қасиеттерi едi. 40 жыл бұрын бiздiiң. Жезқазған политехi студенттерiнiң сүйiктi деканы ретiнде үлгi-ɵнегесiн алғаш кɵрсете бастаған шақтардан бастап, кейiнгi əрiптестiк, армандастық, ағалы-iнiлi бауырластық қарым -қатынаста Əбекең əрдайым iзгiлiк, адамгершiлiк, сыпайылық үлгiсi болды.
Мыңдаған шəкiрттер тəрбиелеп, ел дамуына сүбелi үлес қосты. Жеңгей екеуi əулеттiң ғана емес, елдiң мақтанышы болар ұрпақ тəрбиеледi. Олар ұстазымыздың игi iстерiн жалғастырып, марқұмға кɵзi тiрiсiнде бақытты шақтарды сыйлады.
Ɵз ɵмiрiн сауапты ұстаздық пен ғылымға арнаған Əбекеңнiң елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнде мыңдаған шəкiрттерi бүгiнде сiздермен бiрге қабырғалары қайысуда. Əбекең сауапты iстерiмен бұл ɵмiрде ɵшпес iз қалдырды. Елге қажет маман дайындайтын еңселi бiлiм-ғылым ордасын құрды. Халықтар достығын нығайтуға тынбай еңбек еттi. Талай жетiм мен жесiрге қол ұшын созып,қайырымдылықты басты ұстанымының бiрiне айналдырды.
Əркiм ата-анасын нешеге келсе де қызығымды кɵрiп, қасымда болса екен деп тiлейдi.
Дегенмен, жазмыштан озмыш жоқ.
Əбекеңнiң топырағы торқа, иманы саламат, арты қайырлы болғай.
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы,
Әлихан Бәйменов.