• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 13 қала ауыл мәртебесін алуы мүмкін

29.10.2018
0

Қазіргі уақытта 41 шағын және 12 аудандық маңызы бар қала «Халық саны» көрсеткіші бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, бұл қалаларда халық саны 10 мың адамнан кем.

Қазақстандағы 13 шағын қаланың мәртебесі халық саны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмегендіктен қайта қаралып жатыр.

«Экономикалық зерттеулер институты 2018 жылдың басында жүргізген зерттеулердің шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі халық саны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес болмауынан 13 қаланың, оның ішінде 1 моноқала — Серебрянскінің мәртебесін ауылдық елді мекен етіп өзгертуді қайта қарау бойынша ұсынымдар алды. Биылғы жылы министрлік зерттеу қорытындылары бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін аталған ұсынымдарды жергілікті атқарушы органдарға жіберді.Бұл ретте жергілікті атқарушы органдарға 2018 жылдың соңына дейін әрбір нақты жағдайда (экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және т.б.) жоспарланып отырған ықтимал өзгерістерге жан-жақты талдау жүргізу бойынша экономикалық есептеулер жүргізу тапсырылған», — деп жазылған мәжіліс депутаттарының шағын қалаларды дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауалына берілген үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жауабында.

Өйткені, елді мекеннің мәртебесін өзгерту әртүрлі салаларға, ең алдымен, салық және бюджет заңнамасына, аумақтарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу шарттарына, кәсіпкерлікке, сондай-ақ халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етеді.

Шағын қалалардың мәртебесін өзгерту мәселелері бойынша облыс әкімдіктерінің ұсыныстары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  қарауына шығарылады, осы жұмыс аяқталғаннан кейін комиссияның ұсыныстарын 2019 жылғы бірінші тоқсанда министрлік үкіметтің қарауына енгізетін болады.

Депутаттық сауалға жауапта атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта 41 шағын қала мен 12 аудандық маңызы бар қаланың «Халық саны» критерийі бойынша бұл мәртебеге сәйкес келмейтіні анықталды.  Яғни, бұл қалалардағы халық саны 10 мың адамнан кем (Степняк, Державинск, Ерейментау, Жем, Темір, Шар, Қарқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко, Булаево, Сергеевка және Мамлютка қалалары).»Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің Степняк, Державинск, Ерейментау, Жем, Темір, Шар, Қарқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко және Мамлютка қалалары жөніндегі болжамды деректері бойынша аталған қалалардың мәртебесін сақтап, оларды аудандық деңгейдегі экономикалық өсу нүктелері ретінде дамыту ұсынылады.

Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Булаево және Сергеевка қалаларының мәртебесін ауылдық мәртебеге өзгерту туралы мәселені қолдауда. Осыған байланысты, аталған мәселе бойынша келісілген ұстанымдарды әзірлеу үшін тиісті облыстардың әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кейбір шағын қалалардың мәртебесін ауыл мәртебесіне өзгерту мәселесін зерттеу бойынша жұмысты жалғастыратын болады»,  — дейді үкімет басшысы.

Sputniknews.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.