Шымкент қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды.
Әлия Шалхарова 1977 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша — педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес бағыты бойынша үшінші білімге ие. Еңбек жолы 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан басталған. 1999 жылдан 2000 жылға дейін «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы Клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі. 2004-2006 жж — Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі. 2006-2014 жж — «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2016-2018 жж — ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.