Марат Оразәлі — Шымкент қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Марат Оразәлі 1972 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы шаруа қожалығының меңгерушісі, кейіннен ҚР ОҚО шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы болып бастаған. 1995-1996 жж — ОҚО туризм және спорт басқармасының жетекші, кейіннен бас маманы. 1996-1998 жж — ОҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесші-инспекторы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тәжірибесі бар. Соңғы қызмет орны — Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің Департамент басшысының орынбасары — тәртіптік кеңестің төрағасы.