• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Елбасы Жарлығы: Шымкент қалалық сотына Төраға тағайындалды

12.10.2018
0

Ербол Рахымбеков ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қазандағы №768 Жарлығына сәйкес Шымкент сотының Төрағасы болып тағайындалды.

«ҚР Конституциясының 82 б.2т., 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР Сот жүйесі және судьялардың статусы туралы» ҚР Конституциялық заңының 31б.2,3,5 т.34б 3т.2)тт 1т. 1), 2), 11-1) тт сәйкес Шымкент қаласы сотының Төрағасы қызметіне Рахымбеков Ербол Мұхажанұлын тағайындау туралы қаулы етемін», — делінген құжатта.

Рахымбеков Ербол Мұхажанұлы 1964 жылы 14 қаңтарда дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер мамандығына ие болды. Сот жүйесінде 1991 жылдан бастап халықтық судьяның міндетін атқарушы, халықтық судья, судья болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалса, 2000-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысының Октябрь аудандық сотының құрамындағы Киров сот учаскесінің аға судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының төрағасы, Теміртау қалалық сотының төрағасы, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы лауазымдары қызметінде болған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашадағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен Ербол Мұхажанұлы Рахымбеков қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен Ербол Мұхажанұлы Рахымбеков Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымында болып, 2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы лауазымында тағайындалған. 2016 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында БАҚ-пен байланысты қамтамасыз ету бойынша судья-үйлестірушісі қызметін атқарған.

Айта кетейік, Ербол Рахымбеков 2014-2015 жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметін атқарған жылдары резонансты қылмыстық істер туралы шешімдер қабылдады.  Атап айтқанда,  Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы болған Мұрат Оспановтың ісі; бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряевтің ісі; елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев («Әліби ісі»); өз әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі. Сонымен қатар, Ербол Рахымбеков Астанада 18 жастағы қызды өлтірген үш құрбыны ұзақ мерзімге соттады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.