Цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығына да жетті. Қазір тыңайтқыш бөлу жүйесі толықтай электронды нұсқада жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы бүгін вице-министр Арман Евниев айтты. Биылдың өзінде субсидияның осы түрін алу үшін жалпы құны 18 млрд теңге болатын 20 мың өтінім түскен. Дені мақұлданды.
Сандық форматта болған соң өтінімдерді қарау уақыты 2,5 есеге қысқарған. Тапсырыстар әрі кетті дегенде 7 күн қаралады. Субсидияның қалған түрлері келер жылдан бастап электронды жүйеде берілмек.
Сала мамандары ауыл шаруашылығы өнімдеріне берілетін көмекқаржы санды форматқа ауысса, саладағы бармақ басты, көз қысты әрекеттер 80%-ға дейін азаяды деп отыр.
Арман Евниев ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары: — Осы процесте бірнеше өзгерістер болып жатыр. Мысалы бір үлкен жетістік – тауар өндірушілер біздің шенеуніктермен, субсидия беруші органдармен қарым-қатынасы жойылып отыр. Тікелей кездеспейді, қағаз жібермейді.
Сонымен қатар неше түрлі комиссиялар құрылып, тексеріп, ешқандай комиссия болмайды.
24.kz