Электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес өкілдеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұру, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық Банкі» және«Альфа-Банк», сондай-ақ үш сақтандыру компаниясы — «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания», АҚ «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және АО «Халык-Life» қосылған.
Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 3 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша бизнесті осындай форматта электронды тіркеу шығындарды оңтайландырып, процедуралар мен мерзімдерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бұрын кәсіпкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу үшін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі