Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Шымкент қаласында үшінші мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, қаланың әкіміне мегаполистің дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Шымкент Орталық Азияның экономикалық, мəдени орталығы болуы тиіс, осыған байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруды тапсырды.
Шымкент қаласының күні жыл сайын дәстүрлі түрде күз айларында аталып өтеді.
Аталған жиында Шымкенттің əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Мемлекет басшысына Қала күні мерекесі ретінде 19 маусым күнін ресми бекітуді ұсынды.
Айта кетейік, дəл сол күні Елбасы Шымкентке республикалық қала мəртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Айдар ДИДАР