• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Медициналық ЖОО-ға оқуға түсу үшін жаңа емтихан енгізіледі – ҚР ДСМ

01.10.2018
0

Келесі жылдан бастап болашақ дәрігерлердің психологиялық мүмкіндіктеріне қосымша емтихандар және студенттерді міндетті сыртқы бағалау жүйесі енгізіледі.

Қазақстанда медициналық жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу үшін жаңа емтихан енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Елжан Біртановтың айтуынша, жыл сайын 6000-ға жуық студент еліміздің медициналық жоғары оқу орындарына қабылданады. Бүгінгі күні денсаулық сақтау қызметкерлерін 5 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары оқытады.

Медициналық білім беру сапасын арттыру үшін білім беру бағдарламасын толықтай қайта қарап шығу керек.

«Үкімет жоғары оқу орындарының, оның ішінде медициналық университеттердің дербес болуын құптап отыр. Яғни университеттер нарық сұранысына қарай қажетті бағдарламаны заманауи білімге негіздеп, өздері жасайды. Атап айтқанда, дәрігерлік қызметпен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізетін клиницист дәрігерлерге деген сұраныс бар. Жылдың соңына дейін біз барлық университеттерімізді коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналдырамыз», — деді Денсаулық сақтау министрі.

Нәтижесінде университеттер мемлекетке белгілі бір пайызбен салық төлемейді, олардың тапқан бар қаражаты жоғары оқу орнының өзіне қалады.

Медициналық білім беру сапасын арттыру мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық және фармацевтикалық білім беру және адам ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту жобасы қолға алынған еді. Осы жоба аясында «Назарбаев Университеті» АҚ үлгісі негізінде әлемдік 500 үздік университеттер қатарына кіретін АҚШ, Швеция, Италия, Түркия, Литва және Польшаның медицина мектептері тартылды.

«Бес мемлекеттік жоғары оқу орындарының әрқайсысында осы елдердің университеттерінен серіктесі бар. Қазір әрбір университеттің бірінші проректоры осы шетелдік университеттің өкілі болып табылады. Олардың міндеті – білім беру бағдарламаларын, жоғары оқу орындарын басқару жолдарын өзгерту, шетелдік оқытушыларды тарту, студенттік алмасу мен ғылыми-білім беру қызметін күшейту», — деді министр.

Министр сондай-ақ, қабылдау кезінде студенттерге қойылатын талаптардың күшейетінін де атап өтті.

«Келесі жылдан бастап болашақ дәрігерлердің психологиялық мүмкіндіктеріне қосымша емтихандар және студенттерді міндетті сыртқы бағалау жүйесі енгізіледі. Яғни, оқу барысында және аяқталғаннан кейін студенттер бағаланады, ал дипломдар ЖОО-ның қалауы бойынша емес, сыртқы бағалау нәтижелерінің негізінде берілетін болады», — деді Елжан Біртанов.

Психометриялық тестілеу болашақ дәрігердің психологиялық мүмкіндіктері мен икемділіктерін анықтауға бағытталған. Студенттің адамгершілік қасиеттеріне, қарым-қатынас дағдыларына, сабырлылығына, салмақты дене еңбегіне қабілеттілігіне назар аударылады.

«Бұл – өте маңызды іріктеу. Бұл – әлемдік тәжірибе. Аталған жұмыстарды сапалы дәрігерлерді даярлап, келешекте ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында іске асырып отырмыз», — деді министр.

ҚР ДСМ медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің және медицина қызметкерлерінің біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына интернатура және резидентура түлектерін, медициналық колледждер түлектерін тәуелсіз бағалау бойынша Министрліктің құзыреттілігін бекіту тұрғысынан ұсыныс әзірледі. Министрдің айтуынша, бұл бағалау нашар білім беретін ЖОО-ларды анықтауға мүмкіндік береді. Одан кейін олар лицензияларынан айырылады.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов медицина кадрларын даярлау сапасын жақсарту мақсатында медициналық ЖОО-ларда курстан курсқа өту кезіндегі орташа балға қойылатын талаптар күшейтілгенін атап өтті. Бұл кіші курстарда оқып жүрген кездің өзінде икемі бар студенттерді іріктеуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2017 жылы курстар арасындағы өтпелі балдар көтеріліп, іріктеу 6-7%-дан 15%-ға дейін өсті.

ҚР ДСМ ұсынатын тағы бір өзгеріс — медицина қызметкерлері міндетті сертификаттаудан 5 жылда бір рет емес, үш жылда бір рет өтетін болады. Пилоттық тестілеу нәтижесі студенттердің 95%-ы қажетті білімді алып жатқанын көрсетті. Дегенмен, практика кезінде алған білімдерінің бір бөлігін ұмыта бастайды. Елімізде бес жылда бір рет медицина қызметкерлері — барлық дәрігерлер, медбикелер өтетін міндетті сертификаттау бар. Олар өздерінің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дәлелдеп отыруға міндетті. Жаңа кодекс аясында әрбір үш жылда сертификаттауды өткізіп тұру ұсынылған.

Bnews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.