• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесі ашылды

27.09.2018
0

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай  мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылуына мәдениет майталманының ұл-қыздары мен шәкірттері, музей қызметкерлері, мектеп оқушылары мен оқытушылар және қала қонақтары қатысты.
Шараны «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Серік Үркімбаев құттықтау сөзбен ашып беріп,  экспозицяға қойылған құнды жәдігерлер және олардың тарихи маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ,  Адасқан Алтаевтың шәкірті, Облыстық мәслихат депутаты Серік Ибадуллаев ұстазы жайлы естіліктер айтты. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырған қорық-музей ұжымына алғысын білдіре отырып 40 жылдық мерей тойымен құттықтады.
Музейге сый акциясы аясында ұйымдастырылған «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесі негізгі үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде Адасқан Алтаевтың өмірі, жүріп өткен жолдары, әскер қатарындағы жылдары, ұстаздық қызметі, қазақ халқының рухани-материалдық болмысын сақтауда атқарған еңбектері, өлкетану музейін құруы, қазақтың ұлттық өнері, саятшылық пен аңшылықтың сақталуына сіңірген еңбектеріне қатысты материалдар қамтылды. Екінші бөлімде Адасқан Алтаевтың «Әзірет Сұлтан» музейіне тарту еткен жәдігерлері. «Әзірет Сұлтан» музейінде қызмет атқарған жылдарына қатысты материалдар ұсынылса, үшінші бөлім Б.Әлтаевтың әке жолын жалғастыруда атқарған еңбектеріне қатысты материалдар, оның ұстанған азаматтық позициясын көрсететін құжаттар мен фотосуреттерге арналған.
Шара барысында ақындардың Адасқан Алтаевты жырлаған өлеңдері оқылып, қалалық С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 5а сынып оқушысы Махамбетов Бурхан «Қаза мен аза» өлеңімен көпшілік көзіне жас алдырды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.