Түркістан облыстық мәслихатыныңбюджет және экономикасының дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық мәслихаттың жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімінде көрсетілген мәселелер қаралды. Тұрақты комиссия қарауымен жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімінде көрсетілген Сайрам ауданындағы жобалар қаралып, оның тізімі мақұлданды.
Тұрақты комиссияның келісімімен Сайрам ауданында төмендегі жобалар жүзеге асады.
-Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округінің Ақсукент-2 ауылындағы Абылайхан атындағы орта мектеп ғимаратының балабақша етіп қайта құру;
-Манкент ауылдық округінің Манкент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы;
-Қарасу ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы;
-Манкент ауылындағы 200 орындық мектеп-интернатының құрылысы;
-Сайрам ауданындағы КХ-3 «Көксәйек — Ақсу — Шаян — Мыңбұлақ — М32 р/ж» автомобиль жолының 3-25 шқ. күрделі жөндеу.
Айдар Дидар