Қазақстан Республикасынцың Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 27 қыркүйек №760 Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды.
Осыған дейін Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Ал, Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Ақорда