ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысқан ОҚО әкімдігінің үйлестіру кеңесінде облыс прокурорының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл лауазымға Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы тағайындалды. Мұрат Әлімбеков 1961 жылы 9 мамырда Ордабасы ауданында дүниеге келген. Білім жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған. Прокуратура саласындағы еңбек жолын 01.10.2004 жылы Орал облысы, Бурлин ауданында тағылымдамадан өтуші болып бастаған ол кейіннен Орал қаласы прокурорының көмекшісі, 1991 жылдан бастап басқарма прокуроры, бөлім бастығы және ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы, Асықата ауданы прокурорының орынбасары, Мақтарал ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. Ал 2004 жылы Созақ, Ордабасы және Абай аудандарының прокуроры лауазымында болған.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...