Павлодар қаласында көшпелі Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан трамвай қатынай бастады.
Мобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы №5 бағдардағы трамвайда орналасқан.
Көлікке мінген тұрғындарға мемлекеттік қызметті сол жерде алуға және «Электрондық үкімет» мобильдік азаматтар базасына тіркелуге ұсыныс жасалды.
Бұл, электрондық-цифрлық қолтаңбаны қажет етпейтін мемлекеттік 44 қызметті өздігінен алуға мүмкіндік береді. «Бүгін мекенжай анықтамасы мен сотталмағандығын растайтын анықтамаларды Egov порталының көмегімен алуға болатынына қарамастан, адамдар көбінесе ХҚО-ларға жүгінеді.
Сонымен қатар ЭЦҚ қолдануда қиыншылықтар туындау ықтималдығына байланысты мемлекет бірқатар сервистерді шығарды. Олардың көмегімен мемлекеттік қызметті біржолғы SMS-пароль арқылы алуға болады», — деді Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Дәулет Есмағамбетов.
Мамандар трамвай жолаушыларына сондай-ақ мемқызметті Телеграм мессенджері арқылы алуды үйретті.
Қосымшада @EgovKzBot порталының арнайы боты жұмыс істейді. Ол арқылы мекенжай анықтамасын смартфон арқылы алуға болады.
inform.kz