Мемлекет басшысының Өкімімен Күзембек Станбайұлы Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.
Ақорда
Сурет: ашық дереккөздерінен