Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 қыркүйек №748 Жарлығында Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын деп көрсетілген.
Анықтама. Ғабит Байжанов 1963 жылы туған.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015);
ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен. Соңғы лауазымы — ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры.