Астана, 17 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Кеше Мәжіліске Еуропарламенттің делегациясы келді.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко осы сапар Қазақстан Парламенті мен Еуропарламент арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жалғасы екенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында биылғы жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуын атап өтті.
Сондай-ақ, Вице-спикер Еуропалық Одақ Қазақстандағы ең ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі және сыртқы саясатымыздың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.
Одан әрі пікір алмасу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы, Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың Стратегиясы туралы Келісімдерді баяндады.
Биылғы жылдың қазан айында Брюссельде өтетін АСЕМ саммитіне («Азия-Еуропа» форумы, Шығыс Азия және Еуропа елдерін біріктіретін халықаралық ұйым), Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне көңіл бөлінді.
Делегация басшысы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан аймақтағы жағдайды айқындап, Қазақстанның Сирия процесін бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін атап өтті.
Өз кезегінде біздің еліміздің жетістіктерін атап өткен «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрайымы Ивета Григуле Астананың, жалпы еліміздің қарқынды даму үстінде екенін айтты.
Әңгіме соңында тараптар ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына қолдау білдірді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты