Бұл ұшатын аппараттарға бақылау және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылмақ.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшатын аппараттарға бақылау және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру үшін британдық модельді енгізу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
Комитеттің хабарлауынша, осы жұмыстардың аясында әуе кеңістігінде ұшқышсыз әуе аппараттарын пайдалануды реттеу үшін жаңа тиімді тәсілдер әзірленетін болады.
«Ал қазір мысал ретінде, әуеде бейне түсірілім жасап жүрген аппараттың Ми-2 тікұшағының қасынан өтіп, қауіпті жағдайды тудырғанын көруге кеңес береміз», — делінген хабарламада.
BNews.kz.