• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұрғын үйді заңсыз бергендер қанша теңге айыппұл төлейді?

14.09.2018
0

Қазақстанда тұрғын үйді заңсыз жалға бергендерге алдымен ауызша ескерту жасалады. Кейін осы ескертуге құлақ аспаған жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК салықтық әкімшілендіру департаменті камералдық мониторинг басқарма басшысы орынбасары Ербол Әмірханов Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде «Тұрғын үйді заңсыз жалға беру» тақырыбында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі таңда қазақстандық тұрғындар арасында өзекті сұрақтардың бірі — жылжымайтын мүлікті бөтен адамға жалға берген кезде қандай салықтық міндеттемелердің орындалатыны. Яғни тұрғындардың көп бөлігі баспананы жалға бергенде қалай салық төлеу керектігін білмейді немесе мүлдем салықтан жалтарады.

Брифинг барысында спикерлер жылжымайтын мүлікті жалға беруге кәсіпкерлер де және жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген тұлғалар да құқылы екендерін атап өтті.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенде салық төлеу процесі қалай жүзеге асатынын айтты.

«Мысалы, жеке тұлға пәтерін жалға бергені үшін айына 100 мың теңге алады делік. Ол бұл жағдайда кәсіпкер ретінде тіркеліп, патент негізіндегі арнайы салық режимін таңдайды. Яғни кіріс сомасының 1%-ін төлейді. 100 мың теңгенің бір проценті 1 000 теңгені құрайды. Мұнда негізгі талап — жалдамалы жұмысшылардың болмауы және салықтың алдын ала төленуі. Яғни патент алғанға дейін.

Сондай-ақ, салықты оңайлатылған режимде төлеуге болады. Бұл кезде азамат салықты алты айда бір рет төлейді. Жарты жылда алынған табыс сомасы көрсетіледі.

Кейін осы соманың 3%-ін салық ретінде төлейді. Бір ерекшелігі мұндай салықты табысқа қол жеткізген соң төлейді», — деді Ербол Әмірханов.

Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде немесе өзі келу тәртібінде дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы жайлы хабарламаны ұсынуы қажет.

Бүгінгі таңда комитет пен ішкі істер департаменті және ПИК-пен бірлесіп, заң бұзған жалға берушілерді анықтау бойынша түрлі шара жүргізіп жүр. Осындай шаралардың арқасында 2017 жылы 9 мыңға жуық жалға беруші дербес кәсіпкер ретінде тіркелді.

Ал биыл тағы 7 мың адам тіркелді. Алайда осы шараларға қарамастан тұрғындардың көп бөлігі салық төлеуден жалтарып отыр.

Осы орайда, спикерлер «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне сәйкес, салық есебін уақытылы тапсырмаған және кәсіпкерлікпен тіркелмей айналысқан азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Дәлірек айтсақ, белгіленген мерзімде салық төлемеген азаматтарға бірінші ескерту жасалады. Осы ескертуден кейін де салықтан жалтаратын болса, 36 075 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл төлейді.

kaz.caravan.kz

 
К

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.