Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Жансұлтан Тәукенов тағайындалды. Бұған дейін ол Әулиекөл ауданының әкімі болған.
Жансұлтан Қоңыртайұлы 1975 жылы туған. «Қаржыгер» мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Арқалық қаласындағы Торғай облысының салық инспекциясынан бастаған.
Әр жылдарда Амангелді ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Амангелді ауданының әкімі қызметін атқарды.