• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ

10.09.2018
0

Өзбекстандықтар айына бір күн жаяу жүрулері мүмкін.

Яғни, әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ. Ішкі істер министірлігінің бұл бастамасын үкімет қолдап отыр. Тәжірибе ретінде қыркүйектің соңында арнайы акция ұйымдастырылады. Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутаттары да көліктерін қойып, көпшілікпен бірге бір күн қоғамдық көлікпен қатынауға дайын. Бастама жұрттан қолдау тапса, бұл күнге арнайы мәртебе де беріледі. Экономикасы екпін алып келе жатқан көрші елде жыл санап көлік саны да еселеп артып келеді.

Бір ғана Ташкенттің өзінде миллонға жуық темір тұлпар бар. Оған қалаға келіп-кететін көлікті тағы қосыңыз. Басқа елдер сияқты өзбекстандықтар да кейде көліктерін қоятын жер таппай қиналып жатады. Қырық жылдан астам темір тұлпар тізгінімен алысып келе жатқан Ғани Абдуллаев айына бір күн жаяу жүру құптарлық іс деп отыр.

Ғани Абдуллаев, көлік жүргізуші:

— 1975 жылдан бері көлік жүргіземін. Әскерде жүріп жүргізу куәлігін алғанмын. 70-80 жылдары машинам болатын. Қазір көлік нөпірі бірнеше есе артып кетті. Мен 63 жастамын. Үкіметтің «Көліксіз күн» деген бастамаы, менің ойымша, өте дер кезінде көтерілген ой деп білемін. Біріншіден, әсем қаламыздың экологиясы жақсарады. Екіншіден, жаяу жүру денсаулыққа пайдалы. Өзбекстандықтар «Көліксіз күн» акциясын күздің соңында ұйымдастыруды жоспарлап отыр. «Билік ешкімді көліксіз жүр деп мәжбүрлемейді. Әркімнің өз еркі. Дегенмен, бұл жерде тек халықтың белсенділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту», — дейді заң шығару палатасының депутаты. Бастама халықтан қолдау тапса депутат бір күн жаяу жүруге дайын екендігін білдірді.

Жамшид Пирматов, Өзбекстан парламентінің депутаты:

— Бұл жерде бірінші арнайы мониторинг жүргізіледі. Екіншіден, халықтың пікірі толық ескерілетін болады. Негізінен сараптама аудан және қала орталықтарында көлік нөпірі көп шоғырланған базарлар мен бизнес орталық алдында жүргізіледі. «Көліксіз күн» шарасына әркім өз қалауымен атсалыса алады. Еркіндік беріледі. Біз осылайша, бір күн болса да көлік нөпірін азайтсақ, бұл өте тиімді болмақ. Жалпы Өзбекстанда сәрсенбі «Өртке қарсы күрес» күні деп белгіленген. Ал бейсенбіде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Енді әр айдың үшінші жұмасында жұрт машинасын тастап қоғамдық көлікпен жүрмек.

Қанат Жүнісбеков, Twitter@Kanat_Shim:

— Ташкенттің тәртіп сақшылары бүгінде саябақтар мен скверлерді арнайы скутерлердің көмегімен күзетіп жүр. «Бұл қуыс көшелермен жүруге ыңғайлы және оқиға орнына тез жетуге мүмкіндік береді», — дейі полицейлер. Бұған қоса, Өзбекстанның саяхатшылар көп келетін Самарқанд, Бұқара, Хиуа сияқты қалаларында арнайы туристтік полиция тобы жасақталған. Олар үш тілді меңгерген.

Ал жаңа оқу жылынан бастап жолға жақын орналасқан мектеп алдында да сақтық шаралары күшейтілді. «Бұның барлығы түптеп келгенде жұрттың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған», — дейді тәртіп сақшылары.

Дереккөз: 24.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.