Молдованың Publika.md арнасы шұғыл ақпарат таратты.
Арнаның мәліметінше, Молдова президенті Игорь Додонның кортежі апатқа ұшырап, ел басшысы ауруханаға түскен. Арнаның сайтындағы бейнероликте жол жиегінде шалқы ортасынан түсіп, аударылып жатқан ұзынша келген қара түсті жеңіл көлік көрінеді.
Ақпаратқа сәйкес, кортеж жүк көлікпен соқтығысқан. Полиция кортеж қатысуымен болған апатты растады.
Бірақ президенттің баспасөз қызметі тым-тырыс отыр.
Дереккөз: 24.kz.