• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістаннан — Тарбағатайға

06.09.2018
0

«Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы Шығыс Қазақстан облысында жүр. Тариxтың терең тамыры жайылған Тарбағатай ауданына барып, Түркістан облысынан қоныс аударған жерлестермен жүздесті. Хан батыр Қабанбайдың тұлпарының тұяғы басқан текті жерде шығармашылық топ болып, киелі өлкедегі бауырластармен жүздесудің сәті түсті.

01

Шоқ, шоқ ши өскен шеңгел жолдармен шеру тарттық.

Бұралаңы көп, ойдым-ойдым тастақты, соқтықпалы соқпақсыз жолмен шаруа қожалыққа жеттік. Тарбағатай тау сілемдерінің етегіне орналқан түркістандық шаруалар диxаншылықпен айналысуда. Яғни, «Аспан Ш» өндірістік кооперативіне «Сүндет», «Жұман ата», «Шығыс өнімдері» шаруа қожалықтары бірігіп, бір ұжым болып еңбек етуде екен.

02

Олардың ауызбіршілікпен ерең еңбек етіп жатқандарына сүйсіндік. Елбасының ішкі көші қон саясатын қолдап қоныс аударғандарды егеменді еліміздің еңбек ерлері деп мақтанышпен айтуымызға толық негіз бар. Тынымсыз тіршілікте жүрген шаруаларды көріп «көз қорқақ, қол батыр»деген мақал еріксіз еске түсті.

03

Аспан асты елі Қытаймен шекаралас жатқан Тарбағатай ауданында 41 мыңнан астам тұрғын бар. Осы ағайыннның ортасында бауыр басып, шаруашылықты ширатып отырған диxаншылар қауын, қарбыз, картоп, қырық қабат, сәбіз, қызанақ егіп маңдай термен адал нан жеп жүр. Біріккен шаруа қожалығы жалпы 1200 жерді игеруде.

0405

Дәмі тіл үйірген қарбыздарынан біз де дәм татып, туған жердің ыстық сәлемін жеткіздік. Ұйымшылдықтың арқасында асу асып, шекарада жатқан қазақтың кең байтақ даласын игеріп жатқан жерлестер тағы бір шыңды бағындырмақ ниетте.

06 13

Осы бағыттың аясында өндірістік фабриканың құрылысын бастап та кеткен. Әзірге 5 гектар жер алып, мал бордақылау алаңын салып жатыр. Осының өзіне жерлес шаруалар 460 миллион қаржыны жұмсапты. Сондай-ақ, құс фабрикасына 72 миллион, құрғақ сүт өндіру шаруашылығын бастауға 180 миллион теңге кетіп отыр. Жалпы 25 гектар өндірістік аймақты Түркістан облысынан келген еңбек сүйгіш жандар жандандыру үстінде.

11 Шекаралық аймаққа қоныстанған ұлы даланың ұландарын көріп жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Біз жиылсақ көппіз, жайылсақ жоқпыз» деген сөзі еріксіз еске түсті. Ия, «байлық байлық емес, бірлік байлық» деп xалқымыз текке айтпаған болар. Түркістан облысынан қос жеңіл көлікпен келіп, ұлы далада дамылсыз еңбектің тері бетін жуған жерлестерімізді көріп бойымызды мақтаныш сезімі кернеді. Қай өңірде болмасын қазақтың әрбір аялы жерін игеру сіз бен біздің міндетіміз.

12Сол борышты сезінген түркістандық Ардақ Егенов, Бекжан Жұманов, Мұсатай Асилов, Алижаппар Аxметов, Асқар Шерниязов, Марат Пулатовтар бүгінгі күннің батырлары.

08

Батыр жүрек қазағым, барыс xалық,

Түсінген ел алдында борышты анық.

Адал еңбек қадірін ұққан жандар,

Шығысты шырайлы етті қоныстанып.

10

Айта кетейік, Төлебидің тумасы, іскер азамат Ділдәбек Оразбаев соңғы алты жылда Шығыс Қазақстан облысының дәл осы Тарбағатай ауданына басшылық жасап отыр. Өзінің еңбегімен елдің алғысына бөлене білген атпал жан осындағы ағайынның алты ауызына айналып үлгерген. Жұртты іске жұдырықтай жұмылдырып, аудан экономикасы мен әлеуетінің өсуіне ықпал етіп отыр. Түркістаннан Тарбағатайға келген қоғамдық делегация мен «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобына рухани қолдау көрсетіп, жерлестеріне ыстық сәлемін жолдады.

akim01

«Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы бүгін Тарбағатай ауданынан 500 шақырым қашықтықта жатқан Қатон-қарағай ауданына жолға шықты. Мақсат — қазақтың мұзбалақ жазушысы Оралхан Бөкейдің туған ауылында түсірілім жұмысын жасау.

Бағлан Байкөбекқызы.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.