• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Вице-министр зейнетақыға көңілі толмай жүргендерге жауап берді

02.08.2018
0

Светлана Жақыпова базалық зейнетақыны қайта есептеуде ешқандай кінәрат жоқ дейді.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова 1 шілдеден бастап қайта есептелген зейнетақыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгергені белгілі. Енді зейнетақының бұл түрі еңбек өтіліне қарай есептелетін болады. Алайда шілде айы басталғалы жаңа ереже бойынша төленген зейнетақыға көңілдері толмайтын қазақстандықтар көбейді. Олар қайта есептеуден кейін зейнетақы мөлшері азайып қалды деп шу көтерді. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінен осының себебін сұрады.

«Зейнетақыны қайта есептеуден кейін аз алатындар жоқ және болмауы да тиіс. Неге? Өйткені олар бірінші шілдеге дейін біз белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін, яғни 15 274 теңге алып келді. 1 шілдеден кейін 15 274 теңгені еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе мүлде жоқтары алады. Яғни олар осы сомадан төмен алмауы керек. Егер де өздері есептегеннен аз ақша алып жатқандар болса, бізге нақты фактілерді келтірсеңіздер. Бірақ мұндай болмауы керек. Қайта есептеуде ешқандай кінәрат жоқ», — деді Жақыпова.

«Шілденің үші-төрті күндері БАҚ беттерінде зейнетақы толық емес, екі  бөлініп келіп жатыр деген ақпарат тарады. Неге бұлай болғанын түсіндірейін. Мәселен, зейнеткердің ең төменгі зейнетақысы 49 мың теңге делік. Оған бірінші 15 мыңдай базалық зейнетақы түседі, ол ойлайды: қайта есептеуден кейін зейнетақымды азайтып тастаған екен ғой деп. Бірақ қалған сома банктің кеш аударуымен келесі күні түседі. Бұлай болуы мүмкін, бірақ ешкім зейнетақысын бұрынғыдан төмен алған жоқ», — деді ол.

Жақыпова қазір еңбек министрлігі жұмыс берушілердің кесірінен зейнетақысын дұрыс ала алмай жүргендердің мәселесімен айналысып жатқанын айтты.

«Қазір еңбек министрлігінің күн тәртібінде тұрған мәселе – жұмыс берушілердің кесірінен зейнетақы жарнасы уақытылы аударылмаған зейнеткерлер. Жұмыс берушілер зейнетақы жарнасын ай сайын емес, жыл соңында бәрін қосып аудара салған. Бұл мәліметтер базасында бір ай деп есептеледі. Сондықтан, бұған қатысты шағымданып жатқандар бар. Біз оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жарна бір айға емес, бір жылға төленгенін растауы керек екенін түсіндіріп жатырмыз. Ол сот шешімін әкелуі тиіс. Егер еңбек кітапшасында зейнеткердің 12 ай жұмыс істегені жазылса, бірақ зейнетақы жарнасы тек бір айда төленсе, онда тиісінше әлгі төлемді 12 айға бөлу керек. Ол үшін үкімет қаулысын, бұйрықты қайта қарау қажеттігін айтып жатырмыз», — деп түсіндірді вице-министр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

  Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.