Қазақстандықтар «әдемі» нөмірлерді сатып алуға шамамен 2 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарты жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 913 267 539 теңге көлемінде жоғары сұраныстағы 7 775 мемлекеттік тіркеу нөмірі жасалған. Бұл жөнінде өзінің Facebook парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай жазды.
Ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есе көп екенін ерекше атап кетті.
«Осылайша, 2017 жылдың 6 айында азаматтар көрікті 1574 нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген», — деп статистикадан мәлімет келтірді М. Жұманбай. Оның айтуынша, мұндай нөмірлік белгілер әсіресе Астана (1762), Алматы (3232), Түркістан (580), Жамбыл (457), Қостанай (376) облыстарында көп берілген.