Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Келіп түскен көптеген құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанды дамыту, елорданы салу ісіндегі еңбегі жоғары бағаланады. Мемлекет басшысына осындай ізгі тілектерін білдіргендер қатарында Халық Қаһарманы, армия генералы М.Алтынбаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Ж.Үшкемпіров пен А.Миразова, Социалистік Еңбек Ері С.Жұмабекова, Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаеваның отбасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік және Прогресс мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Жиенбаев, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев пен Н.Нүсіпжанов, мемлекет және қоғам қайраткерлері М.Жолдасбеков, Ш.Құлмаханов, Т.Сауранбеков, «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Ұ.Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Р.Балабиев пен жазушы Ж.Ерғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұхамеджанов, «МИР» МТРК басқарма төрағасы Р.Батыршин, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Д.Әбіш, «Тәуелсіздік Тұғыры.kz» қоғамдық-саяси журналы бас редакторының міндетін атқарушы Ж.Мұсабай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі С.Жұмабай, «ТАСС» ақпарат агенттігінің бас директоры С.Михайлов, болгарлық музыканттар А.Симеонов пен Р.Наков және басқа да азаматтар бар.
Фото: astana-akshamy.kz