EXPO аумағындағы тұрғын үй ғимаратының сатылымы 1 маусымда басталады, деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ баспасөз қызметінен.
«1 маусымнан бастап «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы — «Бәйтерек девелопмент» АҚ Астанадағы EXPO аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сату басталады. Пәтерлер мен паркингтер нарық бағасымен сатылымға шығарылады», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
«2016 жылы Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде шетелдік делегация қатысушылары тұру үшін 42 үй тұрғызылған болатын. Жылжымайтын мүлік құрылысы Ұлттық қор қаражаты мен жобалық компаниялар инвестициясы есебінен жүзеге асырылды. Мемлекеттің тұрғын үй құрылысына бөлген қаржысы нарықта жылжымайтын мүліктерді сату жолымен қайтарылады», — деді «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары А.Өсербаев.
Хабарда атап өтілгендей, EXPO тұрғын үй кешеніндегі пәтерді көлік тұратын орнымен бірге кез келген үміткер өз қаржысына немесе екінші деңгейлі банктерден ипотекалық займ, немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй қарызы арқылы да ала алады.
А.Өсербаев атап өткендей, EXPO тұрғын үй нысандары сатылымының ашықтықтығын қамту үшін жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдер қабылдау Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы жүзеге асырылады. Ол қазіргі таңда әзірлеу және тестілеу кезеңінде.
Дереккөз: ҚазТАГ.