Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі айтулы мерекені өзгеше атап өтті. Бүгін, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірханның бастауымен жол патрульдік полициясының 136 қызметкері облыстық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды. Мерейлі мереке қарсаңында донерлік қанды қажет ететін пациенттерге көмектескен полиция қызметкерлеріне облыстық қан орталығының ұжымы айрықша алғыс айтты.
ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ
Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы...