2018 жылы 10-қаңтар күні Елбасы Н.Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын арнады. 10 басым бағытты айқындаған мемлекеттік құжатты насихаттау мақсатында ҚР Парламенті сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Облыстық партия төрағасы, орынбасарлары сондай-ақ, жауапты қызметкерлермен кездесті. Жалпы биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. Жолдауда Президент жүзеге асыру тиіс негізігі бағыттарды айқындап көрсетті. Сонымен қатар, “Халыққа сапалы білім алу үшін, сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек”, — деп Президент нақты тапсырма берді. Ал, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – жолдаудағы негізгі басымдылықтар болып табылады. Сенатор Әлімжан Сейітжанұлы еліміз үшін аса маңызды мәлімдемені Көшбасшы партияның жетекшілерімен бірге талқылады.
Мемлекетіміз үшін маңызы зор құжатты жүзеге асыруда бірлесе күш біріктіру керек. Ең алдымен бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруді негіздейтін батыл қадамның бірегейі. Сондықтан жүктелген 10 тапсырманы жүйелі жүзеге асыру барлық қазақстандықтардың алдындағы міндеті, — дейді халық қалаулысы.
Аяжан Дәулетбай.