2018-жылы Қазақстан экономикалық және саяси жаңғыруға қадам басады. Қазығұрт ауданының тұрындарымен кездескен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев халыққа жаңа заңдардың маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Биыл елімізде бірқатар кодекстерге өзгертулер енгізіліп , 94-жаңа заң қабылданған болатын. Бұл өз кезегінде ауыл аймақтың әлеуметтік дамуына серпін бермек.
Жаңа жылдағы 94-заңның 37-сі өзгертулерден өтті. Сондай-ақ 9-дербес заң қабылданып, үш бірдей кодексте толықтырулар орын алды. Бұл қадам еліміздің экономикасын жаңа деңгейге көтеру үшін маңызды.Сенат депутаты Әли Бектаев кезекті кездесуін Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізді. Тұрғындарға қабылданған заңдардың басым бағыттарын кеңінен түсіндірді.
Елбасы мақұлдаған жобалар да ауыл аймақтағы ағайынның әлеуетін артыруға мүмкіндік береді.Енді халқы екі мыңнан асатын елдімекендердің дербес қазынасы қалыптаспақ. 4-деңгейдегі бюджет ауылдағы бірқатар мәселелердің оңды шешілуіне ықпал.
Рухани жаңғыру елдің бірлігі мен тарихының мығым болашағына деген қадам. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев тұрғындарға Елбасының бағдарламалық бағытымен атқарылған жұмыстарын да баяндап өтті.
Жомарт Бегімбет