Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінен шығарылды, деп партияның хатшысы Қанайбек Жұмашев мәлімдеді.
«Бюро құрамын өзгерту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Мысалы, Бюро мүшесі К.Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл құқық қорғау жүйесі. Партия ережелеріне сәйкес, құқық қорғау жүйесіндегі жұмысты және партияға мүшелікті біріктіруге жол берілмейді.
Сондықтан, ол бюродан шығарылды, яғни ол құқық қорғау органдарында жұмыс істеген кезде, партиялық қызметке араласпайды. Бұл партияның штатына сай», — деді Қ.Жұмашев жұма күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін.
Оның айтуынша, К.Мәсімовтың орына Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков бюро құрамына енгізілді, оның кандидатурасын саяси кеңестің мүшелері бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов — Ауыл шаруашылығы министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, ол Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Ол бюросынан шығарылды, бірақ саяси кеңесте қалады», — деді Қ. Жұмашев.
Саяси кеңесте 100 адам, ал бюрода — 9 адам бар.
Партия хатшысы атап өткендей, «мұндай рәсімдік сәттер кез келген уақытта болуы мүмкін».
ҚазТаг