• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

9 айда 39 млрд теңгенің 10 мыңнан астам несиесі берілді — АШҚҚ қоры

10.10.2017
0

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылды жердегі кәсіпкерлікті өз қаржысымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша тартылған қаржыдан несиелейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Осы жылдың 9 айында Қор тарапынан 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берілді. Жалпы, жылдың соңына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6% аспайды, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% дейін. Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі» — дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров.

2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 15,7 млрд теңгесі берілген. Одан бөлек 24,5 млрд теңге республикалық бюджеттен және Қордың өз қаржысынан бөлінді. Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың мүшелері белсенді қаржыландырылуда. Несиелер келесі бағыттар бойынша бөлінуде:

«Ынтымақ» несиелік өнім аясында – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату жөніндегі кооперативтердің дамуына;

«Береке» аясында — отбасылық мал бордақылау алаңдарына;

«Игілік» бойынша — мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге;

«Ырыс» бойынша — отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардың мүшелеріне 20 млр теңге бөлінді.

Нұртас Болатұлы – Шығыс Қазақстан Абай ауданындағы «Нұр-Наз Береке» кооперативінің басшысы. Кооператив осы жылдың маусым айында құрылып, 38 адамды біріктірді. Негізгі қызмет – мал бордақылау. Бүгінгі таңда кооперативтің 30 мүшесі «Береке» бағдарлама бойынша жалпы құны 76,4 млн теңгеге несие алып, 382 ІҚМ басын сатып алды. Енді шаруашылықтағы малдың саны 430-ден асты.

«Кооперативке кірген ауылдағы шаруашылықтарда осыған дейін 50 мал басы болған. Уақыттың қысқа ғана мерзімінді несиелерді рәсімдеп, мал басын 8 есе көбейттік. Қор ұсынып жатқан шарттар еш жерде жоқ. Елбасыға, Үкіметке, Қор филиалына үлкен алғыс айтқым келеді, мемлекеттің көмегімен біз тұрақты табыс көзіне ие болдық, отбасыларымызды асырап, ауылды көркейтудеміз. Жақын арада кооперативке мал сою бекетін сатып аламыз деген жоспар бар. Мал соятын кез де келіп қалды, Семейдегі «Северный» базарына апарып сатамыз, ол туралы келісімдер бар» — дейді Нұртас Болатұлы.

Қазіргі таңда Қор «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасымен бөлінген қаражаттың 95 пайызын игерді. Қалған 4 пайызға өтінімдер тіркелуде.

Дереккөз: baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

БІЛІМГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару, мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ету және цифрлық бақылауды жетілдіру мәселелері талқыланды Білім беру саласының...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ЗИЯТКЕРЛІК СПОРТ: ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ШАХМАТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақтың әлеуетін арттыру жөніндегі міндеттері аясында мегаполисте шахмат инфрақұрылымы кеңейді Шымкентте зияткерлік спортты...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ҰЛАҒАТТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттегі инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Шымкент қаласының Ұлағат шағынауданында орталықтандырылған кәріз жүйесі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.