• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл — Мәңгілік елдің мәңгілік тілі»

22.09.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Тілдер туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ассамблея шаңырағының астында бірлесе өткізуді ұйғарды. Мұны – достық пен татулықты ту еткен оңтүстікқазақстандық этнос өкілдерінің байыпты бастамасы, салиқалы шешімі деуге болады.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, елімізде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Өз құттықтау сөзінде аймақ басшысы ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты.

«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы – Оңтүстік»,-деді әкім.

Бүгінгі шараға қатысушылар да Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамаларын қолдап, этностардың тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің алар орны ерек екенін атап өтті.

Салтанатты шарада қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Ынтымақ» поэтикалық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама мен қазақ тілінің қарпін латын графикасына көшіру туралы хореографиялық композициясы көпшіліктің назарына ұсынылды.

Айта кетейік, өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі – 92,1 пайыз болса, орыс тілін ұғатындар – 63 пайызға, ал, ағылшын тілін білетіндер – 14 пайызға жеткен. Сондай-ақ, өңірдегі этнос өкілдерінің 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.