• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-ның таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр

07.09.2017
0
Оңтүстік Қазақстан облысындағы биік таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал олардың еруінен құралатын Өгем өзенін үш ауданда тұратын 700 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, суды бірігіп пайдалануға қол жеткізілген болатын. Ендігі мәселе –  ауыз су тартуға бағытталған жобаны іске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. Бүгін бұл туралы 3340 — 3500 метр биіктіктегі Өгем жотасының Ақсу тауындағы өзен сулар мен мұздақ көлдердің жағдайын тікұшақпен шолып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
su1
su2
Ең алдымен облыс әкімі мінген тікұшақ Бадам өзенін бойлай ұшып, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы таулы алқаптарды барлап шықты. Сөйтіп, таулы алқаптардағы мұздақ көлдер үстімен әуеден шолу жасады. Таулы төбесіндегі көлде облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда өңіріміздегі тасқын судың алдын алу, қосымша шағын қоймалардың құрылысын жүргізу, Өгем өзенінің суын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов өзен-көлдердегі тасқынның алдын алу шараларының барысына тоқталды.  «Облыс аумағындағы өзен-көлдерде 86,95 шақырымдық қорғаныс дамбалары орнатылған.  Бүгінде олардағы қауіпсіздік жағдайлары жіті қадағалауда», — дейді ол.
su5
su3
Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердің бүгінгі жай-күйі туралы ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ОҚО аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ бірқатар өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтыунша, өткен жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыстың таулы аймақтарында 40 мұздақ көлдің бар екені анықталған. Оның ішінде 7-і көмілген көлдер санатына жатады. «Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қаржантау, Өгем және Майдантал таулы жоталарына биыл 1 рет аэровизуалды және 4 рет жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша мұздық көлдерден төніп тұрған қауіп жоқ екендігі анықталып отыр», — деді Е. Әлзақ.  Ағымдағы жылға облыс бюджеті тарапынан аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге 32 млн. теңге қарастырылса, бүгінгі күнге  оның 19 млн. теңгесі игерілген. Мәжіліс барысында өңір басшысы облыс аумағындағы тасқын судың алдын алу, өзен-көлдер мен бөгеттердің қазіргі ахуалын бақылау, тау бөктеріндегі мұздақ көлдерді бақылау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Сондай-ақ Өгем өзенінен Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт аудандарына ауыз су тарту мақсатындағы жұмыстарды да назарда ұстауды  тапсырды.
su
 «Облысымызда жылда көктемгі мезгілдерде  тасқын судан қауіп төнеді. Осы ретте алдағы жылы 30 шағын су қоймаларының құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Өгем өзенінің суын ауыз су реттінде пайдалануды қолға алып отырмыз. Ол үшін өзен бөктерінен гидроэлектростанциясының құрылысын жүргізіп, су құбырларын тау үстімен алып өту керек. Бұл ретте ғалымдар мен тиісті сала мамандарымен тыңғылықты жұмыс  жасап, іске асырылатын жобаның құрылысын сапалы әрі тиімді етіп әзірлеуді тапсырамын », — деді Ж. Түймебаев. Еске сала кетейік, биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы басқосқан болатын. Аталған мәжілісте  Өгем өзенінен секундына 3-3,5 текше метрге дейін суды алып, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал ауданы тұрғындарына ауыз су ретінде пайдалану мәселесі қаралып, оң шешімін тапты.
  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Үшінші мегаполисте  дін саласындағы саясатты іске асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды іс-шара өтті. «Дін саласындағы өзекті мәселелер...

ҚАЛАДА ҮШ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Отбасы – адамзат үшін ең қастерлі құндылықтың бірі. Оның іргесі берік, шаңырағы биік болса ғана елдің демографиялық ахуалы жақсарып, қоғам...

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

Айғақ медиа
24.07.2025
0

2025 жылғы 16–19 шілде күндері Қостанай облысының Тобыл қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде. Бұл жарыстар —...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Қазақстанның жас құтқарушылары халықаралық деңгейде өздерінің батылдығы мен кәсіби машығын дәлелдеді. Шымкент қаласынан келген «Жас құтқарушылар» командасы Беларусь Республикасының Минск...

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету саласындағы шағын гранттарға арналған конкурс Алматы мен Шымкент қалаларында және Солтүстік Қазақстан, Ақмола және...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.