«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен еліміздің бас қаласына «Ұлы дала автокеруенін» ұйымдастырған болатын. Жоба жетекшісі және делегация басшысы ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш.
Құрамында 30-дан аса азамат бар делегация мүшелері Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевпен кездесіп, «Елбасының «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттап, рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген «Айғақ» телеарнасына алғысын айтып, автокеруеннің алдағы сапарына сәттілік тіледі.
«Айғақ-ақпарат».










