Төлеби ауданына қарасты Алғабас ауылының оқушылары жаңа оқу жылын су жаңа білім мекемесінде қарсы алды. Өйткені ауылда 200 орындық «Алғабас» жалпы орта мектебінің құрылысы бітіп пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары мен оқушылар қуанышын еселеген жаңа білім ұясының ашылу рәсіміне бұл күні осы бір қара шаңырақтан түлеп ұшқан белгілі азаматтар арнайы келіп қатысты. Заман талабына сай барлық қажеттіліктермен қамтылған жаңа ғимаратта шәкірттердің сапалы білім алулары үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Абай Омар