Тәуелсіздік мерекесін Шымкент қаласының әкімі «Қазығұрт» тауының шыңын бағындырумен қарсы алды. Ғабидолла Әбдірахымов жұртшылықты өзінің тағы бір жаңашылдығымен осылайша тәнті етті. Бұл туралы, әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Данат Жумин өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Осы ретте, көк байрағымызды желбіретуде Қазығұртты таңдап алуы тектен тек емес болар. «Қазығұрттың басында кеме қалған ол әулие болмаса неге қалған». Аңыз түбі – ақиқат. Облыс орталығынан 35 шақырым қашықтықта жатқан тау биіктігін бағындыру – халықты патриоттық рухқа тәрбиелеумен қатар, тәу етер Тәуелсіздіктің қасиетін әйгіледі. Биіктігі 1780 метрді құрайтын шыңға шығу желтоқсанның ызғарында оңай емес екендігі белгілі. Алайда, қыстың қара суығына қарамастан алға қойылған мақсат пен міндет ойдағыдай орындалды. Қала әкімінің бұл тірлігі азаматтың іскерлігін тағы бір дәлелдеді.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...