Ұрпақ тәрбиесі қашаннан да өзекті. Бар кінәні мектеп пен ұстаздардың мойнына іліп қоймай, әрбір ата-ана бала алдындағы жауапкершілігін күшейту қажет. Сонда ғана, қоғамның бірден бір қауіпті мәселесіне айналып бара жатқан жасөспірімдер арасындағы түрлі құқықбұзушылық пен өзін-өзіне қол жұмсау фактілерін доғаруға мүмкіндік бар. Осы және өзге де проблемалардың шешу жолын қарастыру үшін республикада «Асыл бала» ассоциациясы құрылған. Аталмыш бірлестіктің алғашқы отырысы да халқы тығыз орналасқан Оңтүстік жерінен басталып отыр. Игі бастама аясында облысқа Парламент Мәжiлiсінің депутаттары Зағипа Балиева мен Оразкүл Асанғазықызы келді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










