• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойды

12.07.2017
0

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді-деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шақыртуымен биыл 10-12 шілде күндері ҚХР ауыл шаруашылығы министрінің Астана қаласына ресми жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен ҚХР ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфудың екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы, соның ішінде, ветеринария және органиканы дамыту мәселелері, бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды.

Форумды екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ашты. Аталған форум жұмысына екі елден 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.

Қытай Халық Республикасы Қазақстанның жалпы экономикалық, оның ішінде АӨК дамыту тұрғысында маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Биыл маусым айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесу барысында да Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу және инвестиция тарту маңыздылығы бірнеше рет айрықша аталып өткен болатын. Осы жылдың ақпан айында қабылданған ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бойынша екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.

Форум барысында АӨК-ке 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды.

«ҚР және ҚХР ауыл шаруашылығы министрліктері аргарлық ынтымақтастық аясында үлгілік аймақ құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Ол кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы саласында жаңа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КАҚ базасында жүзеге асырылады»,- деп атап өтті А. Мырзахметов.

Бұдан бөлек, Қытайға қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша «Азық түлік корпорациясы» АҚ Ұлттық компаниясымен бірнеше келісімдерге:

Xi’an Aijugrain&Oil Industry Group Co Ltd компаниясымен дәнді дақылдар мен майлы дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге;

Xinjiang Zhaofenghe Bio-technology Co компаниясымен дәнді дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге;

Zhongxinjian LLC компаниясымен сауда-саттық бойынша меморандумға қол қойылды.

Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға, сонымен қоса аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

«Жаннур-Астана групп» ЖШС мен Қытайдың «Тиньян Иньхай провинции Хэнань» тұқым өндіру компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Аталған құжат ҚР аумағында дәнді-дақылдарды өңдеудің, оның ішінде тұқым шаруашылығында технологияны трансферттеудің толық циклын жасайды.

Қазіргі таңда бұрын қол қойылған келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдың сабанын өңдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдың XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша келісімге және осы университетпен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехнопарк құру жөнінде келісімге қол қойылды.

Анықтама:

ҚР АШМ мен Қытайдың Сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасында бидай, асыл тұқымды жылқы, соя бұршағы, бидай сабаны, бал және ұсақ мал етін экспорттау бойынша 6 хаттамаға қол қойылды:

Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын бидайға қойылатын фитосанитарлық талаптар (14 желтоқсан 2015 жыл, Бейжің қ);

Қазақстаннан Қытайға экспортталатын жылқы тұқымдастарға қойылатын карантиндік талаптар (2 қыркүйек 2016 жыл, Ханчжоу қ);

Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын соя бұршағына қойылатын фитосанитарлық талаптар (2 қыркүйек 2016 жыл, Ханчжоу қ);

Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын бидай сабанына қойылатын фитосанитарлық талаптар (31 наурыз 2017 жыл, Бейжің қ);

Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын балға инспекция, карантин және санитарлық талаптар (14 мамыр 2017 жыл, Бейжің қ);

Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын мұздатылған ұсақ мал етіне қойылатын инспекция, карантин және ветеринарлық-санитарлық талаптар (8 маусым 2017 жыл, Астана қ).

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінде ерекше мазмұндағы кездесу өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕЛГЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, құқық пен еркіндіктің кепілі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында Шымкент...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — САНАЛЫ ТАҢДАУ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айрықша тарихи белес — Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда дүниеге...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.