Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы меншік құқығын қорғауға, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.