Шымкент қаласы «Достық» шағын ауданында өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға вице-министр В.Божко мен облыс әкімі Б.Атамқұлов қатысты. Бұл облыс аумағында соңғы жылдардың ішінде жаңадан заман талабына сай бой көтерген бірінші орталық деуге болады. Кешеннің құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталған болатын. Бүгінде жалпы жұмыстар 100 пайызға орындалған. Бұл күні ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары мен өңір басшысы жаңадан салынған орталықтың лентасын қиды. Өрт сөндіру мекемесі 4-қабатты, қыштан салынған. Бірінші қабатында техникалық қызмет көрсететін пост, көлік жуу орындары, диспечерлік бөлім орналасса, екінші қабатта бөлімнің қызметтік үй-жайлары, бөлімнің басшыларына арналған бөлмелер, асхана, оқу сыныптары бар. Ғимаратта жатақханада қарастырылған. Яғни ыңғайлы 20 бөлме қызметкерлерге берілмек. Жаңа өрт сөндіру бөлімі енді 58 мыңнан аса халқы бар Қаратау ауданы мен жақын елдімекендерді қызыл жалыннан қорғап, өртке қарсы жұмыстарды күшейтуге сеп болмақ.
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...