6 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Прокуратурасының кәсіби мерекесі. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас заңдылықты қадағалайтын орган еліміздің тәуелсіздігін сақтауда, қорғауда және нығайтуда орны ерекше. Атаулы датаны облыстық прокуратура қызметкерлері де ерекше салтанатпен атап өтті. Салтанатты шара барысында осы салада риясыз қызмет еткендердің еңбегі ескеріліп марапатталса, талай жыл мінсіз қызмет еткен ардагер прокурорлар да құрмет көрсетуден шет қалмады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға, қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен келісімділік орнатуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосып келе жатқан прокуратураның төл мерекесімен біз де өз кезегімізде құттықтай отырып еңбектеріне табыс тілейміз.
Ұлжан Наушабаева