Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Америка құрама штаттарының Алматыдағы бас консулы Марк Муди, саясат және экономика бөлімінің консулы Тимоти П. О’ Коннормен кездесті. Қос тарап әңгімелесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті. Кездесуде қала әкімі америкалық делегаттарға жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent Сity» заманауи тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды.
Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул Марк Муди қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Қала басшысы шаһардың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, әлемдік экономикадағы іскерік қарым-қатынастарда кеңінен қолданылатын ағылшын тілінің білім ұяларында тереңдетіп оқытылуы керектігін айтып өтті. Өз кезегінде, қонақтар қалада бой көтеретін халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді.
ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ
Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...