Түрік және итальяндық бизнес-делегация Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Аталған сапардың басты мақсаты – оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу. Сапар шеңберінде 15 адамнан тұратын шетелдік делегация «Оңтүстік» индустриялық аймағында және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап, «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ жұмысымен танысты. Сонымен қатар, инвесторларға Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетті инвестициялық жобалары көрсетілді. Бұдан бөлек, Түркия және Италиядан келген делегация облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және оңтүстік өңірдің экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды.
КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ
Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...










