2017 жылдың сәуірінде ҚР Бас ПРкуратурасы Ішкі істер министрлігімен және өзге де органдардың қатысуымен Жол картасы негізінде «Қазақстан зорлықсыз отбасы» жоба дайындалған болатын. Жол картасының негізгі мақсаты — әлеуметтік мәселелер, олардың шығуы, отбасындағы құқықбұзушылықтар, сондай-ақ тұрмыстық-отбасы өміріндегі жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған. Жүргізілген сараптамалар мен сауалнамалар нәтижесінде отбасындағы орын алып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелер шешімін табатын болады. Сонымен қатар, пилоттық жоба барысында әр аумақтың Жергілікті полиция қызметінің бөлімдері жұмылдырылып, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсететін болады.
«Қазақстан зорлықсыз отбасы» жол картасы аясында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесе Шымкент қаласының Абай ауданында және Сарыағаш аудандарында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары жайсыз отбасыларға және құқықбұзуға бейім азаматтарды барып тексеретін болады. Қорғауға алынған тұрғындарға айрықша көңіл бөлінеді. Олармен полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатындағы профилактикалық әңгіме жүргізеді.
2017 жылдың соңғы 3 айында ОҚО-да полицейлер әйелдерге қатысты 150 құқықбұзушылық және 5 қылмыс тіркеген.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі